USD 498.34
EUR 519.72
RUB 4.85
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Үкімет дағдарысқа қарсы бөлген қаржы қалай жұмсалады?

  • 12.мамыр.2020, 10:30,
  • 442

Қазақстанда дағдарысқа қарсы шараларға 5,9 триллион теңге бағытталады. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов қаражат қалай жұмсалатынын баяндады.





Бұл қаржының 3,4 триллион теңгесі – республикалық бюджеттен, ал 2,5 триллион теңгесі бюджеттен тыс көздерден қарастырылып отыр. 


"Шығындар, негізінен, халықты жұмыспен қамтуды ұлғайтуға, ай сайынғы кірісті жоғалтуына байланысты төлемдерге, әлеуметтік төлемдерге, тұрғын үй құрылысына және президенттің басқа да тапсырмаларын орындауға бағытталған", - деді қаржы министрі. 


Атап айтқанда, Жұмыспен қамту жол картасын қаржыландыруға 1 триллион теңге бөлінеді. Оның ішінде республикалық бюджеттен – 300 миллиард теңге, бюджеттен тыс қаражат – 700 миллиард теңге. Осы ақша аясында өңірлерде инфрақұрылымдық жобалар іске асырылып, 255 мың жұмыс орны ашылады. 


"Республикалық бюджеттің салық кірістерінің төмендеуін өтеуге және мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемесін орындауға 1,7 триллион теңге бөлінеді", - деді ол.  


Шағын және орта бизнес субъектілері мен ірі бизнес өкілдерінің еңбекақы төлеу бойынша салықтар мен алымдардан босатылуына байланысты жергілікті бюджеттердің шығынын өтеуге 237 миллиард теңге жұмсалады. 

скачать dle 12.0
Фото авторы : ашық дереккөз
Тағы да оқыңыздар:
14.04.2020
12.02.2020
10.12.2019
23.10.2019
02.10.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930