"Достар, такси бойынша - аударым жасауды жоспарлап отырмыз. Бюджет шығындарын қысқарту мақсатында барлық басқармалар мен ведомстволарға қарайтын ұйымдарда қалайда қызметтік көліктерден бас тарту жобасын іске асыратын боламыз. Сонымен қатар, 100 көлігі бар таксопарк аша алатын инвестор іздестіріп жатырмыз. Тапсырыс беретінімізге кепілдік береміз, күніне үш-төрт тапсырыс болады. Бюджетке айтарлықтай пайда түсетін болады", - деп жазды облыс әкімінің орынбасары Аманжол Алпысбаев.
Оның айтуынша, мұндай шара қолдану арқылы бюджет шығынын 40 пайызға қысқартуға болады, сонымен қатар қызметтік автокөлік сатып алудан бас тарту айтарлықтай табыс алып келетіні сөзсіз екен.