Қазақстандықтардың аз бөлігі жинақтауларын көлемін арттыру мақсатымен инвестициялық құралдарға салады, осыған қоса халықтың көп бөлігі өз таңдауларын тәуекелі барынша аз стандартты банктік депозиттерге тоқтатады. Алайда қаржылық нарықта барынша көп табыстылықты алып келе алатын инвестициялық өнімдер, тауарлар мен қызметтердің түр –түрі бар.Кейбіреулерін қарастырып өтейік.
Инвестициялық тауарлар ретінде инвестицияланатын құралдарға сатып алынатын тауарлар қарастырылады. Әдетте, бұл үйлер мен ғимараттар, көліктік коммуникациялар (газдық және мұнайлық құбыр өткізгіштері, автокөліктік пен темір жолдар), өндірістік желілер, шикізаттар мен материалдар. Олардың көмегімен негізінен өндірісті кеңейту мен жаңарту, шығарылатын өнім көлемін арттыру, немесе өндірістік қуаттылықты ұлғайту іске асырылады.
Ал инвестицияық өнімдер жеке инвесторлардың көбісі үшін инвестициялаудың басты объектісі болып табылады. Бүгінгі таңда нарық инвестициялық тауарлардың түр-түрін ұсынады. Осындай өнімдердің санатына банктік депозиттер, жарналық инвестициялық қорлардағы жарналар, бағалы қағаздардың алуан түрі; микроқаржылық ұйымдардың инвестициялық бағдарламалары және т.б. Ал инвестициялық өнімдер жайында әңгіме қозғалғанда, адамдарда көбінесе қор нарықтары ассоциациясы пайда болады. Шын мәнінде инвестициялау ретінде табысты алу мақсатымен белгілі бір активтерге қаржылық салымдарды қарастырсақ, онда қор нарығы оларға сәйкес келеді.
Осыған қоса инвестициялар нақты және потрфельдік болып бөлінеді. Нақты – қаржылық қайтарымдылықты бірнеше жыл ішінде алуды және бизнес-жобаларға қаражаттардық құюды көздейді. Ал потрфельдік инвестициялар қысқа мерзімге бағытталады және мемлекеттік және корпоративтік бағалы қағаздарды сатып алуды көздейді.
Сонымен қатар потенциалдық инвестор жеке инвестициялық шотты пайдалана отырып, қосымша табысқа ие бола алады. (Жеке инвестиуиялық шот – бұл брокерлік шот, мемлекеттен берілетін инвестициялық салық алымын алу мүмкіндігі түріндегі жеңілдікке әр түрлі бағалы қағаздар мен облигацияларды немесе биржалық ноталарды сатып алуға болады).
Инвестор компанияны басқаруға белсенді қатысқысы келетін болса, ол акциялардың бақылау пакетін сатып ала алады. Осында инвестицияларды тікелей деп атайды.
Ал инвестициялық қызметтер туралы айтатын болсақ, олар әр түрлі қаржылық ұйымдармен ұсынылады. Осы санатқа инвестициялық консалтингті жатқызуға болады.
Әлемдік тәжірибеде көбінеме банктік инвестициялық қызметтер туралы жиі айтылады. Мысалы, еуропалық мемлекеттерде бір банк бір уақытта банктік және брокерлік қызметтер көрсетуге құқық беретін лицензияларға ие болуы мүмкін. Алайда біздің елімізде қызметтердің осы түрлері бөлінген.
Қазақстанда құралдарың стандартты жинағы брокерлік қызмет көрсету шеңберінде акциялар мен облигацияларды, активтерді жеке басқару кезіндегі жарналар мен басқаларды қамтиды. Клиенттерге біір уақытта мәмілелерді интернет желісі арқылы, смс хабарландырулары арқылы және т.б. жасасуды іске асырумен талдау ақпаратын ұсыну мүмкіндігі беріледі.
Қазақстанның қаржыгерлер ассоциациясында қор нарығына инвестициялар жоғары тәуекелге ие және жинақтау мақсатына жарамайды. Мұнда депозиттерге салынған қаражаттарды қайтару көзделмеген. Осыған байланысты ҚҚА бастауыш инвесторларға барлық жинақтауларын акцияларды сату-сатып алуға салмауды жөн деп санайды, өз бюджеті үшін айтарлықтай шығынсыз айыра алатын сомамен шектелуді жөн деп санайд. Дегенмен, егер инвестор өзінің барлық қаражаттарын қор нарығның құралдарына салу шешімін қабылдаса, онда ол кәсіби мамандардың көмегіне жүгінуі мүмкін, яғни нарықта өздерін жоғары деңгейлі маман ретінде көрсеткен брокерлік компанияларға бара алады. Ал олар өз кезегінде құралдардың толық спектрін ұсына алады – спекулятивтіден бастап инвестициялық және жинауқтаушы құрардарға дейіг.
Сауатты инвестициялар көбінесе тәуекелді дұрыс бағалауға байланысты болады. Осыған байланысты брокерді таңдаған кезде нарықтағы беделі мен қызмет ету тарихынан басқа, сату шарттарына да көңіл аударған жөн. Осындай шарттарға депозитттің минималды сомасы, комиссиялар, ақпараттық және талдаулық қолдау, брокердің шетелдегі әр түрлі площадкаларға қол жетімділігі, сату платформасының ыңғайлылығы және басқаралары жатқызылады.
Жоғарыдағы барлық ақпаратты ескере отырып, қалың бұқараның қаржылық сауаттылығын арттыру жұмыстары қолға алынған жөн деп қорытындылауға болады.
Қайнар көзі: https://kapital.kz/finance/80341/gramotnye-investicii-zavisyat-ot-pravilnoj-ocenki-riskov.html