"Ең бастысы, бұл заң қаржымен және оны іске асырудың қажетті тетіктерімен бекітілген, бұл дегеніміз заң шынымен жұмыс істейтін болады. 2024 жылға дейін осы заңды жүзеге асыру үшін 5,3 триллион теңге қажет. Бұл шын мәнінде өте үлкен қаражат, мемлекет бүгінде білім беруді қолдау мен нақты қадамдарды қабылдау керектігін түсінетінін білдіреді. Әрине, бұл, бізді, педагогтар үшін қуанышты жаңалық, бұл үлкен қолдау", - деді Аймағамбетов Сенат отырысынан кейін.
Оның айтуынша, заң Президенттің тапсырмасын педагогтардың жалақысын өсіру мақсатында келесі төрт жыл ішінде орындауға мүмкіндік береді.
"2020 жылдың қаңтарынан бастап педагогтардың жалақысы 25 пайызға және жалпы (төрт жылда екі есе өседі - түсіндірме) өседі. Лауазымдық жалақы өседі. Мысалы, магистр дәрежесі бар біздің әріптестеріміз ай сайын 10 АЕК (2020 жылы 26 500 теңге - түсіндірме) алатын болады. Санаты бар адамдар лауазымдық жалақысының 30-дан 50 пайызына дейін үстеме ақы алатын болады. Осының барлығын ескеретін болсақ, жалақы әлдеқайда көп болады", - деп сендірді министр.