Елордамызда өткен брифингте Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов цифрлық сүт фермаларын цифрландыру мәселесін қолға алғанын мәлімдеп өтті. Қазір облыста 17 цифрлық ферма бар, ағымдағы жылда тағы 3 цифрлық сүт өндіру кешендері салу жоспарланып отыр. Келесі жылы қосымша 10 заманауи ферма салынатын болады. Облыс әкімінің мәлімдеуінше, цифрлық сүт кешендері арқылы сүт өнімін 20 мың тоннаға арттыру жоспарда бар.
Қазіргі уақытта заманауи технологияларды пайдалану - бәсекеге қабілетті болудың маңызды критерийлерінің бірі. Өнеркәсіп салаларын цифрландыру үлкен мүмкіндіктерді бере алады. Ресурстарды тиімді пайдалану негізінде өнім өндіру шығындарын азайту, оның сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату - ауыл шаруашылығын цифрландырудың басты мақсаты болып табылады. Сондықтан да осындай бастамалар іс жүзінде асатын болса, еліміздің өркендеп дамуына септігін тигізе алатын болады