Сонымен қатар өнеркәсіптік туризм - компания жасай алатын жарнамалар түрлерінің бірі. Өндіріске барып, өз көзімен өнімнің қалайша шығарылатынын көру - тұтынушының зауыт өніміне деген сенімін арттырады. Туризмнің осындай түрі, мысалы, тамақ өнімдері, машиналар, тұрмыстық техника мен басқа көптеген заттарды шығаруды өте маңызд. Өнеркәсіптік туризмнің басқа маңызды ерекшелігі білім беру және кәсіптік бағдар салалаларында жатыр. Оқушылар мен студенттерге өндірісті көрсете отырып, техникалық мамандықтарға жаңа кадрларды тартуға септігін тигізе алады.
Шетелдік компаниялар ондаған жылдар бойы өздерінің брендтеріне мыңдаған туристтерді тартады. Осы саладағы алғаш ашушылар санатында американдық компаниялар болды. Бірінші осындай экскурсия 1866 жылы Jack Daniel’s зауыты ашылған кезде өткізілді, сол кезде кез келген адам осы компанияның өнімін өндіру процесін өз көзімен көре алған. Қазіргі уақытта АҚШ-тағы көптеген компаниялар туризмнің осындай түрі үшін жағдай жасаған. Машина жасау зауыттары, тігін фабрикасы немесе темір жол вокзалы болсын, барлық ірі өнердірістер үшін - экскурсияларды өткізу әдеттегі жағдай.
Ойымызды қорытындылай келе, еліміздегі дәстүрлі туризммен қатар өнеркәсіптік туризмді дамыту бағыты шикізаттық емес экономиканы бұдан әрі дамытудың әлеуетті жолдардың бірі ретінде бола алады.