USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Әлемде кинотеатрларға баратын адамдар саны біртіндеп азайып барады

  • 16.қараша.2019, 22:41,
  • 824



Әлемдік кино индустрия белсенді өзгеру мен даму кезеңінен өтуде - режиссерлер мен қоюшылар түсірілімдер үшін жаңа технологияларды қолдануда, контеатрлар кинотаспаларды қараудың әр түрлі форматтарын ұсынуда, ал кино студиялар жаңа шедеврлер үшін миллиондаған долларды салуға дайын.

Әлемдік бокс-офистің рекордтық өсіміне қарамастан (2018 жылы АҚШ-та бұл көсерткіш 12 млрдқа дейін өскен), кинотеатрға барушылар саны қысқарып келеді. Мысалы, АҚШ пен Канадада кинотеатрға бару 2017 жылы 1992 жылғы көрсеткішке дейін төмендеген - төмендеу 1, 24 млрд сатылған билетті ескеркенде 5,8 %-ға қысқарды. Жалпы айтқанда, кинотеатрлардың әлемдік нарығы (2017 жылғы нәтижелер бойынша 3 % өсімі деңгейімен) өз позицияларын тек билеттің орташа бағасының өсуі мен  Қытайдағы кинотеатр санының жоғары қарқынмен өсуі есебінен сақтап келеді. 

Кино нарықта осындай өзгерістердің себебі неде? Осы саладағы сарапшылар кинотеатрға барушылар санына бірнеше әсер ететін фактіні ерекше атап өтеді:

Netflix-тен революция. Стримингтік трансляцияларда маманданатын американдық сервис қалың бұқараға ерекше өсім динамикасын көрсетіп отыр. Компанияның табысы шамамен АҚШ бокс-офисінің табысына тең және 11 млрд АҚШ долларын құрайды. ОТТ (Over the top) сервистерінің жалпы аудиториясы шамамен 765 млн адамды құрайды және 2018 жылдың соңына қарай 24 %-ға өсті! Осындай сервистердің әйгілілігі ірі кинотеатрларға маңызды бәсекелестікті қалыпастырады және табыс пен аудиторияның айтарлықтай мөлшерін өзіне алып кетіп отыр. 

4К контенттің тарауы. Екінші себеп ретінде 4К контенттің және осындай контентті трансляциялау үшін құрылғылардың тарауына байланысты болып отыр. Мысалы, Futuresource Consulting  сарапшылары 2019 жылдың соңына дейін 4К UHD құрылғылар санының өсімін болжады - олардың саны 100 миллионнан асатын болады. Осыған қоса HDR технологиялары кино нарықта ұсынылатын құрылғылардың саны 60 %-ға жетеді. Басқа сөзбен айтқанда, пайдаланушылар жоғары сапалы контентті өз үйінде көру мүмкіндігіне ие болып отыр, сондықтан олар кинотеатрға бару мөлшерін біртіндеп қысқартуда.

Цифрлық кино индустрия. Қазіргі уақытта кино индустрия өкілдері цифрлық технологиялардың әсеріне белсенді түрде бейімделіп отыр. Көптеген киностудиялар 8192х4320 дейін ажыратымдылығы бар кең форматты камералар көмегімен түсірілімдерге ауысып жатыр. Осындай камералар көмегімен түсірілген кинотаспаларды көру құрылғылардың техникалық сипаттамаларының жоғары деңгейін талап етеді. Әлемдегі лазерлік RGB-проекторлар санының өсуіне қарамастан, жаңа форматтың таралуын қамтамасыз ету қиын болып отыр. 

Осындай кино индустрия саласында болып жатқан әлемдегі тенденцияларға қарамастан, отандық кино индустрияның жағдайы әрине бір басқа. Бұған жалпы еліміздің технологиялық дамуының бірнеше жылға кешеуілдеуіне байланысты. Дегенмен, бәсекеге қабілеттілікті сақтау үшін және оны көтеру үшін әлемде болып жатқан өзгерістерге зер салып, түрлі салалардың даму бағыттарын қарастырғанда ескеру қажет. 

скачать dle 12.0
Фото авторы : Фото сурет Gallerix.ru сайтынан алынды Авторы:
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930