USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

КРЕАТИВТІ ЭКОНОМИКАНЫҢ ҚАНДАЙ ҚҰНДЫЛЫҒЫ БАР

  • 24.июня.2019, 22:45,
  • 2 262

«Креативті экономика әрбір елдің стратегиясында орталық орындардың бірінде тұруі тиіс. Бұл әлемдік экономиканың ең жылдам өсіп жатқан салалардың бірі, бұл тек Еуропа мен Солтүстік Америкаға ғана қатысты емес, бұл барлық аймақтар үшін дұрыс», - Ұлыбритания үкіметінің Креативті индустрия кеңесінің мүшесі Джон Ньюбигин деп атап өтеді. Креативті экономика бізге тағы қандай нәрселерді бере алады және оның дамуына қандай факторлар әсер етеді Осы сұрақтарға жауап беруге тырысып көрейік.

«Креативті индустрия» терминін 20 жыл бұрын қызметтің берлгілі бір түрлерін атау үшін пайдаланылған болатын. Олардың кейбіреулері өте ежелгі, ал тағы басқалары цифрлық технологиялардың пайда болуымен бірге қалыптасты. 

Алғаш рет креативті индустрияның құндылығын  1997 жылы Ұлыбтритания елінің өкілдері өлшеуге тырысып көрді. Аталмыш елдің үкіметі  Creative Industries - Mapping Document 1998 құжатын жариялады, олардың ішіне қызметтің 13 саласы кіргізілді, олардың ішінде жарнама, сәулетшілік, дизайн және басқалары болды. Зерттеуде бір ортақ факт атап өтілді, «олар бастауын жеке шығармашылықтан, дағды мен өнерден алады, және зияткерлік меншікті жасау арқылы материалдық құндылықты жасау үшін потенциалы бар». Біраз жыл өткеннен кейін «шығармашылық индустрия» тұжырымдамасы барлық дерлік әлемнің үкіметтерімен мойындалады және анағұрлым кең «креативті экономика» ұғымына өз орнын бере бастады.

Креативті экономика жұмыс орындарын ашады, осы жұмыс орындарын машиналар мен технологиялар баса алмайды, өйткені олар адам шығармашылығы мен эмоционалдық интеллектке тәуелді болады.

Қазіргі уақытта креативті экономика инновациялардың дамуына септігін тигізетін құралға айналды және басқа салалармен синергияны құра отырып, осындай инновациялар басқа салаларға да ендірілуі мүмкін. Мысалы, ол салалар мен мамандықтардың кең ауқымына көмек көрсетеді, жарнамадан туризмге дейін, және креативті саланың дағдылары мен жұмыс істеу стильдері экономиканың басқа стильдеріне әсер ете бастағанын байқауға болады.

Сонымен қатар креативті экономика – әлемдік экономиканың ең жылдам өсіп жатқан салалардың бірі. Сондықтан ол әрбір ел стратегиясының маңызды бөлігіне айналуы тиіс. Қазіргі уақытта көптеген экологиялық проблемалар бар. Креативті экономика мен креативті дағдылар осы мәселені шешуге көметесе алады. Мұнай – 20 ғасырда әлемдік экономиканы алға жылжытқаны туралы жиі айтылып жүрген, ал 21 ғасырда осындай алға тартушы құрал ретінде креативті экономиканы атап өтуге болады..

Креативті экономика – бұл автомобильді немесе тігін фабрикасы емес, оны аталған салалар сияқты жұмыс күні арзан және реттеу механизмдері әлсіз жерлерге көшіруге келмейді.

2009 жылғы Ұлыбритания үкіметінің «Creative Britain» басылымында шығармашылық индустрия үшін тиімді ұзақ мерзімді саясат саяси бастамаларға тәуелді болатыны туралы аталып өтілген.

Сондықтан да креативті экономиканы дамыту үшін алдымен шығармашылық әдісті пайдалануға, өз ойларымен ашық түрде бөлісуге және эксперимент жасауға ынталандыратын мектептер қажет. Қазір біздің білім беру жүйелерінің көбісі алға болашаққа қимылдаудың орнына, заманауи трендтерді ескермейтін өзекті емес экономика мен қоғамға жас адамдарды дайындауға тырысады.

Демек, креативті экономика шикізатқа тәуелділіктен шығуға мүмкіндік беретін еліміздің даму бағыттарының біріне бола алатынына көз жеткізіп, креативті экономика салаларын да алға тартып, дамытуымыз қажет.

скачать dle 12.0
Авторы:
Тағы да оқыңыздар:
19.06.2019
03.06.2019
03.06.2019
29.05.2019
29.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930