USD 443.85
EUR 474.3
RUB 4.8
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

5G технологиясы: артықшылықтары мен перспективалары

  • 17.қараша.2019, 21:41,
  • 683

Ғаламторға қосылған құрылғылардың саны мен абоненттердің мобильді интернет жылдамдығына талаптары әр жыл сайын өсіп келеді. Телекоммуникациялық құрал-жабдықтарды шығарушылар мен байланыс операторлары жаңа сың-тегеуріндерді ескере отырып, желі архитектуралары мен өзара әрекет ету регламенттерін өзгертуге дайындалып жатыр. Төртінші буын желілері эволюциясының келесі кезеңі болып бесінші буын желілері әлем елдерінде үлкен қадаммен алға жылжып келеді. 

5G - бұл өте жоғары жылдамдық, бірақ әрине аталмыш технология онымен шектелмейді. Ол пилотсыз автомобильдер, виртуалды және толықтырылған шыңдық, тіпті қашықтағы хирургия сияқты бағыттардың дамуына себепші бола алады. 

Мобильді технологиялардың бесінші буыны алдыңғыларға қарағанда деректерді жіберудің 10-100 есе асатын өте жоғары жылдамығымен ерекшеленетін болады. Сүйікті сериалдың бүкіл сезонын жүктегіңіз келеді ме? Оны іске асыру үшін сізге бірнеше секунд қажет болады.

Деректерді жіберудің жоғары жылдамдығынан басқа, бұл технологияның артықшылығы ретінде төмен латентттілікті айтуға болады. Пайдаланушы сілтемеге басқан кездегі мезет пен желі керек сайтты ашып жауап берген мезет арасындағы уақыт айырмашылығы кідіріспен анықталады. Қазіргі қолданыстағы технологиялар бұл уақыт 20 мс қамтыса, 5G технологиясы бұл айырмашылықты 1 мс-ке дейін қысқарту ықтималдығын береді. Осындай жауап беру жылдамдығы алуан түрлі пайдалы мүмкіндіктерді ашады: Нью-Йорктегі оташы әлемнің басқа шетіндегі роботтандырылған манипулятордың көмегімен ота жасай алатын болады, пилотсыз автокөліктер бір-бірімен шынайы уақыт режимінде бір-бірімен өзара әрекет ете алатын болады, сондай-ақ виртуалды шынайылықтағы видео ойындар одан сайын интенсивті және әсерлі бола алады. 

Сонымен бірге, "ақылды қала" тұжырымдамасына қатысты келесі қызметтердің одан сайын дамуына себепші ретінде әбден болуы мүмкін: қауіпсіз қала, электрондық үкімет, электрондық денсаулық сақтау жүйесі, электрондық білім беру мен электрондық банкинг, ақылды электр желілері мен т.б. 4К/8К жаңа видео қызметтерін толығымен пайдалануға мүмкіндік туады. 


скачать dle 12.0
Фото авторы : фотосурет www.digitaltveurope.com сайтынан алынған
Тағы да оқыңыздар:
18.11.2019
27.11.2019
26.11.2019
25.11.2019
24.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930