New York Times-тағы Future Workplace Зерттеулер үшін жауапты құрылымдық бөлімшенің директоры және мансапты дамыту бойынша бірнеше кітаптың авторы Дэн Шобель LinkedIn әлеуметтік желісінде 2020 жылы жұмыс стилін анықтайтын тенденциялар топтамасын ұсынды.
«Жасанды сана техникалық дағдылардың автоматтандырылуын жалғастыратын болады және шығармашылық, коммуникациялар мен эмпатия сияқты soft skills-ке сұранысты ынталандыратын болады. Сондықтан гуманитарлық ғылымдар қайтадан қажет болады»- дейді Шобель.
Сарапшы осындай мамандардың бастапқы жалақысы техникалық маммандардың жалақысынан төменірек екенін, бірақ өмір барысында олардың табыстары STEM (science, technology, engineering, math) түлектерінен тезірек өсетінін атап өтеді. McKinsey сарапшыларының айтуынша, гуманитарлық ғылымдар барынша аз ықтималдықпен автоматтандырылатын болады.
Шобельдің пікірінше, инновациялардың қарқынды түрде дамуы және олардың қоғамға әсер етуі сыни ойлау мен коммуникациялардың жоғары деңгейі сұраныста болуының өсіміне алып келеді.
«Ірі IT-компаниялардың келесі буыны бағдарламалық жасақтаманың нақты адамдармен табысты өзара әрекет ету тәсілдерін табуы тиіс, — Оксфордта халықаралық қарым-қатынастар саласында докторлық дәрежеге ие болған Shift компаниясының бас директоры Тоби Рассел деп атап өтеді – Адамдарды, процесстерді жәгне технологияларды біріктіре алатын көшбасшылар керек, осылайша технологиялық дипломатия қалыптастырылады».