Кревтивті индустрияның капитализациясы әлем бойынша шамамен 2,3 трлн АҚШ долларын құрайды. АҚШ-тың өзінде индустрия шеңберінде 30 000 астам жұмыс орны жасалды. Креативті индустриялар біртіндеп дамыған елдер үшін де, дамушы елдер үшін де экономикалық дамудың драйвері ретінде бола алатын сала ретінде қарастырылады.
Мысал ретінде Оңтүстік Кореяны қарастырып көрейік: контент индустриясын координациялау мен дамыту сұрақтары үшін 2009-2017 жылдар аралығында КОССА креативті контент бойынша арнайы қалыптастырылған үкіметтік агенттік: креативті индустриямен жұмысты дамытқан және корей контентік халықаралық нарыққа шығаруға септігін тигізген арнайы жоба. Барлығы K-pop немесе "корей толқынынан" басталды, бастапқыда бұл корей поп-музыка жанры ретінде ғана болды, біртіндеп ол заманауи оңтүстік корей сәніне, сериалдарына, компьютерлік ойындар мен басқа мультимедиялық өнімдерге қызығушылығы арқылы алға басып жатқан жаһандық субмәдениетке айналды.Енді "корей толқынының" әлем нарықтарына экспансиясы Оңтүстік Кореяның абыройын көтеріп қана қоймай, корей бюджетіне аса ірі дивидендтерді алып келуде. Әлем танымалдылығының шыңын бірнеше жыл бойы корей креативті индустрия өнімдері бағыныдырып жатыр. Корей креативті индустрияның экспорты 2016 жылы 6 млрд АҚШ долларын құрады.
Креативті индустрияның даму қарқыны басқа дәстүрлі өнеркәсіп салалаларының даму қарқынына қарағанда айтарлықтай жоғары: сарапшылар креативті индустрияның жоғары даму қарқықынын креативті экономиканың барлық салаларында жоғары қосылған құнын атап өтеді, Сондай-ақ өндіру жағынан да, тұтыну жағынан да табиғи кедергілердің болмауы да креативті индустрияның жоғары қарқынмен дамуына себепші бола алады. Яғни, өнімді жасау айтарлықтай көп материалдық шығындарды қажет етпейді, ал оны тұтынуға барлық жерде және ешқандай кедергісіз болады. Шығармашылық пен кәсіпкерлік тоғысқан жерде жүздеген жаңа бизнестің пайда болуы жаңа жұмыс орындарыныі пайда болуына алып келеді. Өзінің ерекшелігіне байланысты креативті экономика жастар үшін үлкен қызығушылық тудырады