"Бұл тақырып бірнеше жылдан бері талқыланып келеді. Банктің Нұр-Сұлтан қаласына қоныс аударатын мерзіміне қатысты Мемлекет басшысы шешім шығарды. Ұлттық банкті қайта құру кезінде дербес орталық мемлекеттік институт ретінде бөлініп шығатын, Президентке тікелей бағынышты болатын қаржылық нарықты реттеу мен дамыту агенттігі Алматыда қалады деп айта аламын. Қаржылық нарықтың дамуына жауап беретін тарихи статусы бар реттеуші Қаржылық институттарға жақын болғаны дұрыс. Алматының қаржылық орталық ретінде мәртебесі жоғалмайтынына сенімдімін", - деді Досаев.
Ол басқа банктер де өздерінің басты офистерін НұрСұлтан қаласына жаппай көшіретін тенденция байқамайтынын айтты. Тіпті First Heartland Jýsan Bank бірігуінен соң басты офисін Алматыға көшіріп жатыр.