USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 7 980 валюталық қарызды қайта қаржыландыру мақұлданды

  • 10.июля.2019, 13:05,
  • 628

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент – Елбасының тапсырмалары мен бастамаларына сәйкес Қазақстан Ұлттық Банкі бірқатар әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруда.

Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасы бойынша:
Бағдарлама екі бөліктен тұрады.
1) Бағдарламаның бірінші бөлігі 2004 жылдан бастап 2009 жыл аралығындағы кезеңде қарыз алған ипотекалық қарыз алушыларға қолдау көрсетуге бағытталған.

Аталған қарыздарды қайта қаржыландыруға Қазақстан Ұлттық Банкі 130 млрд теңге бөлді.

2019 жылғы 10 шілдедегі жағдай бойынша револьверлік тетікті есептегенде Бағдарлама шеңберінде банктер 165,9 млрд теңге сомаға 26 889 қарызды мақұлдап, 150,0 млрд теңге сомаға 25 473 қарызды қайта қаржыландырды.
2) Бағдарламаның екінші бөлігінде Қазақстан Ұлттық Банкінің 2015 жылғы 18 тамыздағы бағамы бойынша 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін алынған жеке тұлғалардың валюталық ипотекалық қарыздарын теңгемен қайта қаржыландыру көзделген.
2019 жылғы 10 шілдедегі жағдай бойынша банктер валюталық қарыздарды қайта қаржыландыру үшін 67,1 млрд теңге сомаға 7 980 өтінімді мақұлдап, 53,8 млрд теңге сомаға 6 523 қарызды қайта қаржыландырды.
Қарыздың Бағдарлама талаптарына сәйкестігін анықтау үшін қарыз алушыларға кредитор банкке өтініш беру қажет.
Өңірлер мен банктер бойынша қайта қаржыландырылған ипотекалық қарыздар туралы ақпаратпен, сондай-ақ өңірлер мен банктер бойынша ақпаратпен «Банктердің ақшаны игеруі туралы ақпарат» бөлімінде мына сілтеме бойынша толығырақ танысуға болады: http://www.nationalbank.kz/?docid=1552&switch=russian. Осы сілтеме бойынша Бағдарлама талаптары бойынша халықпен өзара іс-қимылды жүзеге асыратын Қазақстан Ұлттық Банкі аумақтық филиалдары қызметкерлерінің, екінші деңгейдегі банктердің байланыс деректері де осы сілтемеде орналастырылған.
Бағдарламаның талаптарымен Ұлттық Банктің сайтында «Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау» бөлімінде танысуға болады.


Кайнар көзі: ҚР Ұлттық банкінің ресми сайты 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
04.07.2019
01.07.2019
25.06.2019
19.06.2019
29.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930