USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Jýsan Bank және First Heartland Bank бірікті

  • 26.июня.2019, 23:17,
  • 627

Қазақстан қаржыгерлер ассоциациясы сайтының хабарлауынша 2019 жылдың 27 маусымында Нұр-Сұлтан қаласында өткен акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысында "First Heartland Bank" АҚ-тың "First Heartland Jýsan Bank" АҚ-қа қосылуы туралы шешім қабылданды.

2019 жылдың 27 маусымында Нұр-Сұлтан қаласында өткен акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысында "First Heartland Bank" АҚ-тың "First Heartland Jýsan Bank" АҚ-қа қосылуы туралы шешім қабылданды.


Осыған байланысты First Heartland Jýsan Bank Басқарма Төрағасы Бекжан Пірматов: «Біз, акционерлердің екі қаржы ұйымының адам және қаржы ресурстарын біріктіруге мүмкіндік беретін, сондай-ақ бүгінгі күнде еліміздегі тұрақты және өтімділігі жоғары банктердің бірі болып табылатын «First Heartland Jýsan Bank» АҚ-тың (Жусан банк) мәртебесін арттыратын аталған шешіміне қуаныштымыз» - деп өз пікірімен бөлісті.



2019 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша First Heartland Jýsan Bank 680 млрд теңгеден немесе барлық активтерінің 70% асатын сомамен жоғары өтімділікті активтер үлесі бойынша нарықтағы үздіктер үштігіне кіреді, сондай-ақ кредиттік портфельге қалыптастырылған резервтер көлемі бойынша бірінші орында.


First Heartland Bank-тың қосылуы нарықтық жайғасымдарды нығайтады, біріккен Банктің инвестициялық тартымдылығын және бәсекеге қабілеттілігін арттырады деп күтілуде. Мәселен, қосылудан кейін First Heartland Jýsan Bank активтері 1 трлн теңгеден асатын соманы құрайды, ал жоғары өтімділікті активтер 800 млрд теңгеден асады.


скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
19.06.2019
08.06.2019
08.06.2019
29.05.2019
29.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930