USD 498.34
EUR 519.72
RUB 4.85
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қаржы ынтымақтастығы жөніндегі Қазақстан-Қытай кіші комитетінің 10-шы отырысы

  • 09.августа.2019, 00:42,
  • 466

2019 жылғы 6 тамызда Лицзян қаласында Қазақстан-Қытай ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комитеті Қаржылық ынтымақтастық
жөніндегі кіші комитетінің оныншы отырысы өтті. Отырыс Қазақстан мен Қытай орталық банктері басшылығының басқаруымен өтті. Оған Қазақстан мен Қытай қаржы, банк, реттеуші және қадағалаушы ұйымдарының өкілдері, министрліктерінің өкілдері қатысты.
Отырыс барысында тараптар өзара есеп айырысудағы ұлттық валюталардың үлесін ұлғайту перспективаларын, ұлттық валюталардың
пайдаланылуын кеңейтуге кедергі келтіретін факторларды талқылады, шекара маңындағы бақылау және жалған ақша жасауға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша пікір алмасты, екі елдің қор нарықтарындағы ынтымақтастықты дамытуға ықпал ету шараларын талқылады.
Отырыс қорытындысы бойынша нысаналы жұмыс топтарын құру, банктерді және сақтандыруды қадағалау саласындағы реттеу мен қадағалау,
жалған ақша жасауға қарсы іс-қимыл мәселелері, ұлттық валюталармен өзара есеп айырысудың есеп айырысу-клирингтік тетігін іс жүзінде тестілеу, валюталық операцияларды талдау және мониторингтеу мақсатында статистикалық ақпарат алмасу, Қазақстанның және Қытайдың қор
биржалары мен биржалық алаңдары арасындағы ынтымақтастықты дамыту, екі елдің қор нарықтарында Қазақстан мен Қытайдың ұлттық
валюталарындағы валюталық тәуекелдерді хеджирлеу құралдарын ұлғайту бойынша тәжірибе алмасу жөнінде бірлескен консультациялар өткізу ұсынылды.


Қайнар көзі: ҚР Ұлттық банкінің ресми сайты

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
30.07.2019
03.06.2019
29.05.2019
29.05.2019
29.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930