USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Ұлттық банк депозиттердің жаппай кетісі туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді

  • 08.июня.2019, 10:00,
  • 603

Қаржылық реттеушінің хабарлауынша депозиттік база тұрақты, банк клиенттеріне қызметтер толықтай көрсетіліп жатыр.

7 мамыр күні әлеуметтік желілер екінші деңгейлі банктерде дүрлікпе болып жатқаны, салымшылар шоттардан депозиттерді жаппай алып кетіп жатқаны туралы ақпарат таратылды. Ұлттық банк бұл ақпаратты күмәнді екеніне түсініктеме бергенін Zakon.kz интернет порталы хабарлайды.


- Әлеуметтік желілерде, сонымен қатар WhatsApp және басқа мессенджерлер арқылы депозиттердің кетісі, банктердің ақшаны қайтарудан бас тартуы және банк бөлімшелерінде ақшаның жетпеушілігі туралы күмәнді және арандатушы ақпарат таратылып жатыр. Осыған байланысты Қазақстанның Ұлттық банкі барлық банктерде валютаның қажетті қорлары бар және Ұлттық Банктің территориялық филиалдары жоспарлы түрде екінші деңгейлі банктерді қолма-қол ұлттық және шетел валютамен қамтамасыз етіп жатыр. Депозиттік база тұрақты, банк клиенттеріне қызметтер толық түрде көрсетіліп жатыр, - деп қаржылық реттеуші хабарлап отыр.


Ұлттық банк жалған ақпарат авторлары мен таратушыларын анықтау мақсатымен құқық қорғау органдарына арызданды.


Әлеуметтік желілерде «Тұрғын үй құрылыс жинақтаушы банктің» салымшылары да өз жинақтауларын жаппай алып жатқаны туралы ақпараттың таратылып жатқанын атап өткен жөн.


- Бүгінгі күн ішінде 15.00 сағат жағдайы бойынша ТҮҚЖБ 456 салымшылары жаңа салымдарын ашты және 95 салымшыға банк қарыздары берілді. Сонымен қатар салымдарды біріктіру, бөлу және шегінудің процедуралары жоспарлы түрде өтіп жатыр. Барлық аймақтық филиалдар мен банктік қызмет көрсету орталықтары қалыпты режиммен жұмыс істеп жатыр. 2,5 сағат бұрын Telegram-арнада «Үрей басталды» деген атаумен хабарлама пайда болды, хабарламада халықтың ТҮҚЖБ-нен жинақтаушы шоттарды жауып жатқаны туралы жалған ақпарат таратылғанын естеріңізіге саламыз. Сонымен қатар Банк бөлімшелерінде үлкен кезек туралы фото сурет қоса жіберілді.


Аталған хабарламаның авторларын анықтау үшін , ТҮҚЖБ-нен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодекске сәйкес құқық қорғау органдарына арыз жіберілді. Бүгінгі күннің аяғына дейін банк 200-ден кем емес қарыз беруді жоспарлап отыр, кешегі күні 279 қарыз берілді, қазірден бастап клиенттер пәтерлерінің кілттерін алып, қоныс тойларын тойлауға дайыналып жатыр, - деп жалған ақпаратқа жауап ретінде «Тұрғын үй құрылыс жинақтаушы банкте» түсініктеме жасалынды.


Осы сияқты ақпарат арқылы қаржылық саланы тұрақсыздандыруға және сайлау алдындағы уақытта халықты арандатуға талпыныс жасалынып жатыр. Сондықтан Біздің редакция атынан аталған жалған ақпаратқа көңіл аудармауға ұсыныс береміз.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
08.06.2019
03.06.2019
03.06.2019
29.05.2019
29.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930