USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Әлемнің бәсекеге қабілетті экономикалары анықталды

  • 03.июня.2019, 17:48,
  • 1 224

Бір жыл ішінде Қазақстан бәсекеге қабілетті экономикасы бар елдер арасында 4 орынға жоғары көтерілді

Әлемнің бәсекеге қабілетті экономикалары рейтингінде Қазақстан 4 орынға жоғары көтеріліп, 34-орынға ие болды. Жаңартылған рейтингті IMD швейцариялық бизнес мектебі жариялады, деп хабарлайды іскерлік ақпарат орталығы Kapital.kz.

Қазақстан Польшаны (38), Испанияны (36), Ресейді (45) және Португалияны (39) озып шықты). Бірінші орында Сингапур болып шықты. Екінші орынды алдыңғы жылғыдай Гонконг, ал үшінші орынды АҚШ иеленді. «Дональд Трамп президенті саясатына сенімділіктің бастапқы деңгейі жоғалған сияқты. Инфрақұрылым мен экономикалық көрсеткіштер деңгейінің жаһандық өсіміне қарамастан, әлемнің ірі экономикасының бәсекеге қабілеттілігі отын бағасының жоғарылуынан және жоғары технологиялық тауарлар экспортының төмендеуі мен доллар құнының ауытқуынан зиян шекті», -деп есептейді зерттеу авторлары.

Сингапурдың көтерілуі технологиялық инфрақұрылымдық дамуымен, білікті жұмыс күшінің бар болуымен,   иммиграциялық заңдар мен жаңа өндірістерді құрудың тиімді тәсілдерімен ерекшеленеді. Гонконг екінші орында қолайлы салықтық және іскерлік саясат пен бизнесті қаржыландыруға қол жетімділігіне байланысты орналасқан.

Алғаш рет үздік ондықта Катар мен БАӘ болып шықты. Осылайша, БАӘ өнідімділік, цифрлық трансформация мен кәсіпкерлік сияқты салаларда басқа экономикаларды оза отырып, бизнестің тиімділігі бойынша әлемде бірінші орынға ие болып шықты.

Швейцария төртінші орыннан бесінші орынға көтерілді, оған экономикалық өсім, швейцариялық доллар тұрақтығы мен сапалы инфрақұрылым өз септігін тигізді. Альпілік экономика университетттік және басқару саласындағы білім беру, медициналық қызмет көрсету және өмір сапасы бойынша бірінші орында орналасқан.

1989 жылғы құрылған IMD бәсекеге қабілеттіліктің әлемдік рейтингі 235 көрсеткішті, 63 елді қамтиды. Рейтінгті құрған кезде жұмыссыздық, ЖІӨ мен денсаулық сақтау және білім беруге мемлекеттік шығындар сияқты статистикалық мәліметтердің кең ауқымы, әлеуметтік бірлік, жаһандану мен жемқорлық сияқты тақырыптарды қамтитын қоғамдық пікірдің «жұмсақ» мәліметтері ескеріледі.

Бұл ақпарат төрт категорияға бөлінеді – экономикалық көрсеткіштер, инфрақұрылым, үкіметтің тиімділігі мен бизнестің тиімділігі – бұл әрбір ел үшін қорытынды бағаны қою үшін қажет. Бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету бойынша қамтамасыз етудің бірыңғай тәсілі жоқ, алайда үздік көрсеткіштері бар елдер барлық төрт категория бойынша жақсы баға алуға ұмтылады.

IMD швейцариялық бизнес мектептің нұсқасы бойынша Әлемнің ТОП – 10 бәсекеге қабілетті экономикалары келесідей:

 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
03.06.2019
29.05.2019
29.05.2019
29.05.2019
29.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930