USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Мәжіліс оңалту және банкроттық рәсімдерін жетiлдiруге қатысты заңға түзетулерді мақұлдады

  • 29.мамыр.2019, 09:39,
  • 628

Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палатаның жалпы отырысы өтті.

Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палатаның жалпы отырысы өтті.

«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне оңалту және банкроттық рәсімдерін жетiлдiру мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.


Заң жобасы бизнес субъектілерінің оңалту және банкроттық рәсімдерін қолдануы үшін жағдайларды оңайлатуға бағытталған. Құжат бизнес субъектілерінің оңалту және банкроттық рәсімдерін қолдануы үшін негіздерді өзгертуді, банкроттық рәсімінжүргізу мерзімдерін кредиторлар жиналысының бірқатар өкілеттіктерін кредиторлардың неғұрлым ұтқыр комитетіне беруді, кредиторлардың талаптардытек қана ескіру мерзімінің өтуі шегінде мәлімдеуі; әдейі банкроттық үшін жауаптылыққа тарту тәртібін өзгерту арқылы қысқартуды қарастырады.

Мәжіліс Төрағасы Н.Нығматулин жаңа заң елдегі іскерлік ахуалды жақсартуы қажеттігіне назар аударды. Жалпы отырыс барысында депутаттар жұмыс тобымен бірлесіп екінші оқылымға дейін бірқатар баптарды енгізу туралы мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, заң жобасына «Жалған банкроттық» деген баптың орнына «Алдау немесесенімді теріс пайдалану жолымен кредиторларғамүліктік залал келтіру» туралыжаңа бап енгізу ұсынылды.


Жалпы отырыс барысында депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерінеқаржы нарығын реттеу мен дамыту және микроқаржылық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыруларенгізу туралы» заң жобасынекінші оқылымда мақұлдады.


Заң жобасын бірінші оқылымда талқылау барысында депутаттар тарыпынан айтылған, банктердің Ұлттық Банктің валюта заңнамасының анықталған бұзушылықтарын жою туралы талаптарын орындамағаны үшін жауаптылығына, кредиттеу нарығындағы жүйелік проблемаларды тездетіп жою және қарыз берушілердің мүдделерін қорғау мақсатында микрокредиттеу субъектілерін әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркеу және уәкілетті органда есептік тіркеу мерзімдерін 2021 жылғы 1 қаңтардан 2020 жылғы 1 шілдеге ауыстыруға қатысты депутаттардың ескертпелері мен ұсыныстары ескерілді.


Жалпы отырыс соңында халық қалаулылары орталық мемлекеттік атқарушы органдардың басшыларына депутаттық сауалдар жолдады. Олар Н.Микаелян, К.Мұсырман, А.Қоңыров, Н.Дулатбеков.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
08.06.2019
08.06.2019
03.06.2019
29.05.2019
29.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930