Ақпан айының қорытындысына сәйкес, 1 жылдың ішінде коньяк өндірісі - 78, ликер өнімдері - 55, сыра - 39, арақ - 15, шарап 14 пайызға өсіпті. Тек минералды су өндірісі ғана 5 пайызға төмендеген.
Бір жылдың ішінде ащы судың бағасы - 12, ал ауызсу 7 пайызға қымбаттаған. Қаңтар-ақпан аралығында шырын өндірісі 31,8 млрд. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 24,8 пайызға жоғары болып отыр.
Ақпан айының қорытындысы бойынша Қазақстанда ауыз судың бөлшек саудадағы бағасы литріне 76,1 теңгені құрады. 1 жылда 6,8 пайызға қымбаттады. Ірі қалалар мен мегаполистердің арасында ащы судың мөлшері 1 жылда 11,7 пайызға қымбаттап, литріне 2169 теңгені құрады. Ащы судың ең қымбат бағасы Астанада тіркелген. Елордада 1 литрі 2807 теңге.