USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қазақстан – Түркия елдерінің арасында тауар айналымы 50% өсті

  • 29.мамыр.2019, 10:35,
  • 1 065

Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан мен Түркияның сыртқы істер министрлері кездесті.

Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан мен Түркияның сыртқы істер министрлері кездесті.

Қос ел арасындағы сауда-саттық мәселесін талқылап, берік байланысты одан әрі нығайту жағын қарастырды.

Осы күні Қазақстанда 2 мыңнан аса түркиялық компания жұмыс істеп жатыр. Қос ел арасындағы тауар айналымы соңғы 3 айда 632 млн долларға жетіпті.


Бұл көрсеткіш былтырғы нәтижеден әлдеқайда жоғары екен. Тараптар осымен тоқмейілсіп қалмай, сауда-саттық көлемін әлі де еселей беруді жоспарлап отыр.


Бейбіт Атамқұлов, ҚР Сыртқы істер министрі: – «Соңғы үш айда екіжақты тауар айналымының көлемі 632 млн долларға жетті. Бұл өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда, 50 процентке артық. Қазіргі уақытта елімізде 2 мыңнан аса түркиялық кәсіпорын жұмыс істеп жатыр. Біз арадағы байланысты одан әрі дамыту мақсатында «Жаңа синергия» бірлескен жобасын жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз».

Мевлют Чавушоғлу, Түркия сыртқы істер министрі: – «Біз екіжақты қарым-қатынасты барынша нығайта береміз. Түркі әлемінің ақсақалы Нұрсұлтан Назарбаев пен біздің Президент Ердоған нақты тапсырмалар жүктеді. Біз екі ел арасындағы тауар айналымын 5 млрд долларға жеткізгіміз келеді. Бірақ жақсы жұмыс атқара білсек, бұл көрсеткішті 10 млрд долларға жеткізуге болады».

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
08.06.2019
08.06.2019
03.06.2019
29.05.2019
29.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930