USD 516.01
EUR 582.47
RUB 6.26
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Зейнетақы жинағындағы артық қаржыны "Отбасы банкке" 16 желтоқсаннан бастап аударуға болады

  • 10.желтоқсан.2021, 16:42,
  • 120

Бұл мыңдаған қазақстандықтың баспаналы болуына тағы бір мүмкіндік болып тұр.

Ләззат Ибрагимова Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке зейнетақы жинақтарының жеткіліктілік шегін 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін ұлғайтпауды тапсырғаны еліміздегі 200 мыңға жуық салымшыға өздерінің біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану мүмкіндігін бергенін атап өтті.


Ләззат Ибрагимова 2 желтоқсаннан кейінгі www.enpf-otbasy.kz платформасында қабылданған өтініштердің статистикасын келтіре отырып, еңбекке қабілетті 170 мыңға жуық қазақстандықтың бір аптаның ішінде өтініш бергенін айтты.


"Ал енді сіздер тыныш әрі қолайлы режимде, ақылға салынған шешімдер қабылдай алатын мүмкіндікке ие болдыңыздар. Өтініш берушінің қаражатты мақсатты пайдалануын растауға арналған 45 жұмыс күні бар. Егер ақша бүгін түссе, желтоқсандағы мерекелерді ескере отырып, 20 ақпанға дейінгі уақыт бар деген сөз. Бұл жаңалық бүгінде көптеген отбасыларға қуаныш сыйлады", - деді Ләззат Ибрагимова.


Сондай-ақ "Отбасы банк" АҚ басқарма төрағасы біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларына өзгерістер қабылдау процесі жылдамдатылғандығы туралы жағымды жаңалықты жеткізді.


"Біз БЗТ қаражаты есебінен депозитті толтыру батырмасын 2021 жылдың 16 желтоқсанында іске қосуға және төрт демалыс күні бойы арнайы ағымдағы шоттар мен депозиттерді ашуға дайынбыз, бірақ осы күнге оларды бәрі ашып үлгерген сияқты. Біз жерлестеріміз мерекелік дастархан басында ноутбукты ашып немесе үй компьютерінен жүктеп алып, өздерінің біржолғы зейнетақы төлемдерін Отбасы Банктегі депозиттеріне аудара алатындай техникалық қолдауды қамтамасыз етуге дайынбыз", - деп айтты Ләззат Ибрагимова.


Ләззат Ибрагимова өтінішті www.enpf-otbasy.kz платформасында онлайн режимде беруді өтінді. Өйткені ақпараттық қауіпсіздік мақсатында платформа тек қазақстандық IP мекенжайларынан ғана қолжетімді және планшеттік немесе стационарлық компьютерлермен жұмыс істеуге есептелген.


Сондай-ақ ол салымшыларға банк бөлімшелеріне бармай-ақ бейне қоңырау, мобильді қосымша, онлайн-сервис арқылы қызмет ала алатындығын ескертіп өтті.


9 желтоқсан күні Тоқаев Үкіметке бұрынғы шекті межені көтеру мерзімін 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін ұзартуды тапсырған болатын.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
16.12.2021
28.10.2021
19.02.2021
13.02.2021
02.02.2021
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031