USD 515.89
EUR 536.32
RUB 5.17
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға мүмкіндік бар

  • 16.желтоқсан.2021, 12:01,
  • 165

"Отбасы банк" біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер телімін сатып алуға болатынын мәлім етті.

Бұл сүйінші жаңалықты "Отбасы банк" басқарма төрағасының орынбасары Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жариялады.


"Достар, сіздерді біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану ережелеріндегі өзгерістер туралы хабардар етуді жалғастырамыз. БЗТ пайдаланудың жаңа мақсаты қосылды. Енді зейнетақы жинақтарының көмегімен жер телімін сатып алу мүмкіндігі пайда болады", - деп хабарлады Нұрлан Ақшанов.


"Отбасы банк" өкілі біржолғы зейнетақы төлемдерін жер сатып алу мақсатында пайдалану үшін телімнің нысаналы мақсаты – ЖТҚ немесе ЖҚШ болуы тиіс екенін ескертті.


Жаңа енгізілген ереже бойынша, жер сатып алған жағдайда, ол жерге 24 айда үй салып, банкке құжаттарды ұсыну қажет.


Сондай-ақ "Отбасы банк" басқарма төрағасының орынбасары біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдаланып, жер сатып алуға қажетті құжаттарды да атап өтті.


Жер телімін алуға қажетті құжаттар:
Қолданысқа енгізілу актісі, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
08.06.2021
25.02.2021
13.02.2021
27.01.2021
09.12.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Желтоқсан 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031