USD 540.87
EUR 632.01
RUB 6.76
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

2022 жылы зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу жалғасады ма?

  • 28.қазан.2021, 16:07,
  • 163

"Отбасы Банкі" басқармасының төрайымы Ләззат Ибрагимова зейнетақы жинақтарын 2022 жылы да мерзімінен бұрын пайдалануға болатынын айтты.

"2022 жылы ешқандай өзгеріс болмайды. Бұл тетікті әзірлеу үшін "Зейнетақымен қамсыздандыру туралы" заңға өзгерістер енгізілді. Егер қандай да бір өзгерістер жоспарланған болса, онда сіз бұл туралы кем дегенде 6-7 ай бұрын білесіз. Сондықтан 2022 жылы зейнетақы жүйесіндегі ақшаны пайдалануға болады", - деп жауап берді Ләззат Ибрагимова.


Оның айтуынша, әзірге бағдарлама шектеу мерзімі белгіленбеген. Жұмыс тобы ұйымдастырылды, онда зейнетақымен қамсыздандыру және алу бойынша лимиттер мәселелері талқыланады.


Айта кетейік, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайын жақсарту, емдеу және қаржы ұйымдарын басқаруға беру үшін пайдалана бастады.


20 қазандағы жағдай бойынша жалпы сомасы 1,97 трлн теңге болатын 523 943 өтініш орындалды.


Осылайша, қазақстандықтар тұрғын үй жағдайын жақсартуға 1,92 трлн теңге, емделуге ақы төлеу үшін 49,1 млрд теңге алды. Сонымен қатар, инвестициялық портфельді басқарушымен жалпы сомасы 5,44 млрд теңгеге жинақтарды беру туралы қазақстандықтардың 2 912 өтініші орындалды.


1 мамырдан бастап зейнетақы жинақтарын алушылардың тізімі кеңейді. Қазақстандықтарға ерікті зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алуға рұқсат етілді.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
13.10.2021
24.09.2021
13.02.2021
09.12.2020
02.09.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Тамыз 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031