Ережеге сәйкес, зейнетақы жинақтарын жақын туыстарына тағайындауға жол беріледі. Шын мәнінде, бұл тұрғын үй ережелерінде көрсетілгендей, жақын туыстардың тізімі. Ата-анасы, баласы, асырап алушылары, туған әпкесі мен ағасы, туысқан әпкесі мен ағасы, атасы, апасы, немересі, - деді Ләззат Ибрагимова ОКҚ-да өткен брифингіде.
Айта кету керек, 25 ақпаннан бастап қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын ем-домға пайдалану үшін оларды шешіп алуға өтініш бере алады.
Медициналық қызметтердің тізімі:
- орфондық аурулар емі;
- стоматологиялық қызметтер - протездеу, имплантациялау;
- операциядан кейінгі тыртықтар мен туа біткен ақауларды түзету мақсатында қалпына келтіру отасы (пластикалық), сонымен қатар мастэктомиядан кейін;
- радионуклидті және радиоиодты терапия;
- радиохирургиялық емдеу;
- сәулелендіру (протонды) терапия;
- офтальмологиялық қызметтер.
Сондай-ақ, бұл тізімге экстракорпоральды ұрықтандыру (ЭКО) қызметі де жатады.
#зейнетақы #төлем #салымшы #ем #дәрі #туысқандар #БЖЗҚ