USD 503.89
EUR 587.54
RUB 6.48
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

АШМ азық-түлік қоры туралы есеп берді

  • 02.июля.2021, 16:02,
  • 335

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі негізгі азық-түлік тауарларының 32 түрі бойынша өңірлердің қамтамасыз етілуіне апта сайын мониторинг жүргізуді жалғастыруда, дейді министрліктің баспасөз қызметі.

Бұл мониторинг тұрақтандыру қорларындағы, ірі сауда желілеріндегі, жеткізушілер мен қайта өңдеу кәсіпорындарының қоймаларындағы қорларды ескереді.

Өңірлердің жедел деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта республика бойынша 795 мың тонна көлемінде түрлі азық-түлік тауарларының қоры бар. Оның ішінде өндіруші кәсіпорындарда 298 мың тонна, қоймаларда – 93,2 мың тонна, сауда желілерінде – 353,2 мың тонна, тұрақтандыру қорларында – 19,8 мың тонна. Сонымен қатар, 325 млн жұмыртқа мен 3,5 млн тонна азық-түлік бидайы бар.

Осыған орай, тез бұзылатын өнімдердің қоры бір апта немесе одан да көп уақытқа, ал ұзақ мерзімді сақтау өнімдерінің бірнеше айға жеткілікті қоры жинақталған. Айта кетер жәйт, азық-түлік өндірісі артып келеді және қорлар үнемі жаңартылып, толықтырылып отырады. Сондықтан олар бойынша тапшылық жоқ және күтілмейді.



#АШМ #есеп #азық-түлік #мониторинг #тауар 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
30.06.2021
25.06.2021
21.06.2021
26.09.2019
21.08.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Желтоқсан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031