USD 444.22
EUR 476.38
RUB 4.82
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Түркістан облысында көмір қоры жеткілікті - әкімдік

  • 26.қыркүйек.2019, 16:04,
  • 572

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында күз бен қыс маусымында 1 млн. 181,8 мың тонна көмір қажеттілігі бар. Қазіргі таңда тасымалданғаны 514,4 мың тонна (43,5%). Жеткізу жұмыстары алдағы уақытта толық аяқталады, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.



Жалпы жылыту маусымында облыста көмір тапшылығы болмайды. Бүгін бұл туралы Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінде Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім басшысы Игілік Тұрғымбеков мәлімдеді. Сонымен қатар, жалпы облыста жылу беру мерзімі – 1 қарашаға белгіленіп отыр. Алайда мамандар уақытынан бұрын ауа райы суып кетсе, жылыту маусымы ертерек басталатынын жеткізді. «Өңірдегі 2748 бюджеттік мекеме жылыту маусымына толық дайындалып, оларға қажетті 171,1 мың тонна көмір отыны және 5 млн. 143,7 мың. литр сұйық отын (диз.топливо) толық тасымалданды. Облыстағы орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ететін мекемелерге көмірдің қажеттілігі 108,8 мың тонна болса, тасымалданғаны 43,2 мың тонна. Облыстағы тұрғындардың көмірге қажеттілігі - 902 мың тонна, тасымалданғаны 301,2 мың тонна (33,4%). Тасымалдау жалғасуда. Теміржол станциясы қоймаларындағы (ж.д. тупик) 1 тонна көмірдің сатылу бағасы - «Шұбаркөл» көмірі 14-17 мың теңге арасында. Тұрғындар көмірді қазірден бастап станция қоймаларынан арзан бағада сатып алғандары дұрыс», - деді Игілік Ғабитұлы.
Бұдан өзге, облыстың мазут отыны бойынша қажеттілік көлемі - 9,6 мың тонна. Бүгінгі күнге тасымалдаушы мекемемен келісім-шарт жасалған. Ағымдағы жылдың қазан айынан бастап тасымалданбақ. Айта кетерлігі, өңірдің жылыту маусымына дайындығына апта сайын және тұрғындарды көмір отынымен қамтамасыз ету бойынша күн сайын тұрақты мониторинг жүргізілуде.


Қайнар көзі: https://www.inform.kz/kz/

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930