USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Елімізде мұнайды есепке алу ақпараттық жүйесі іске қосылады

  • 30.июня.2021, 14:35,
  • 287

Елімізде өндірілетін мұнай мен газ конденсатының 60%-нан астамы цифрлық мониторингке кіреді, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі. 

Бүгінде жоба пилоттық режимде іске қосылды. Оған жеті мұнай өндіруші ұйым, төрт мұнай тасымалдаушы ұйым және үш мұнай өңдеу зауыты қосылған.


Ағымдағы жылы мұнай және газ конденсатын есепке алудың ақпараттық жүйесін өнеркәсіптік пайдалануға енгізу жоспарланған, - деді Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев халық алдында есеп беру кездесуінде.


Ақпараттық жүйеге Қазақстандағы мұнай мен газ конденсатын жалпы өндіру мен өңдеудің 60%-нан астамын жүзеге асыратын компаниялар қосылады.

Республикада 2020 жылы 85,7 млн тонна мұнай өндірілді. 2021 жылға жоспар - 85,3 млн тонна.

2020 жылы мұнай өңдеу 15,8 млн тоннаны құрады (2021 жылға жоспар - 17 млн тонна).

Өткен жылы мұнай өнімдерін өндіру - 11,5 млн тонна. 2021 жылы Қазақстанда 12,4 млн тонна мұнай өнімдерін шығару жоспарланып отыр.




#мұнай #есеп #жүйе #жоба #газ #экономика 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
21.06.2021
22.04.2021
Қазақстандағы ең ірі салық төлеушілер аталды

FinReview порталының сарапшылары 2020 жылғы ең ірі 50 салық төлеушіні атады. Олар мемлекет қазынасына 3,9 триллион теңге кіріс әкелген. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 32 пайызға аз. 

05.03.2021
05.09.2020
04.09.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930