USD 524.58
EUR 551.91
RUB 4.93
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қазақстанда азық-түлік бағасын бақылайтын сайт құрылады

  • 21.августа.2019, 10:11,
  • 576

ҚР Сауда және интеграция министрлігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына мониторинг жүргізетін онлайн платформа құруды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.



Оған кез келген тұрғын әлеуметтік маңызы бар тауар фотосуретін жібере алуы тиіс. «Қазіргі уақытта Статистика комитеті әр сейсенбі күні әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын қолмен жинақтайды. Ресми статистикалық деректер әр бейсенбі күні жарияланады. Ал дамыған елдерде бағаны мониторингтеуге халық қатысады. Яғни, кез-келген азамат тауар бағасын суретке түсіріп, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының сайтына жібере алады», - деді ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Үкімет отырысында. Министрдің айтуынша, аталған жүйе арқылы аймақтардағы және нақты дүкендердегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын онлайн режимде бақылауға болады. «Сіздің қолдауыңызбен біз осы жүйені құруға және оған барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарды қосуға дайынбыз», - деп Сұлтанов ҚР Премьер-министрі Асқар Маминге. Өз кезегінде Үкімет басшысы министрліктің онлайн-платформа туралы ұсынысын мақұлдады.



скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
12.07.2019
30.07.2019
03.06.2019
29.05.2019
29.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Желтоқсан 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031