USD 443.37
EUR 474.49
RUB 4.83
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Елімізде рұқсаты бар 15 мыңнан астам шетелдік еңбек етуде

  • 22.июня.2021, 13:45,
  • 125

2021 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 15 668 шетелдік азамат жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты бойынша Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыруда, деп хабарлайды ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Шетелдік жұмыс күшін (ШЖК) тартуға берілген рұқсаттардың ішінде мынадай санаттар бар: бірінші санат – 667 (басшылар және олардың орынбасарлары), екінші санат – 3 260 (құрылымдық бөлімшелердің басшылары). Тартылған ШЖК-нің негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше 7 592 адам және 517 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға – 1 825 адам, ал корпоративтік ауыстыру шеңберінде – 1 807 адам тартылған.

Қазіргі уақытта Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1 782 жұмыс беруші бар. Оларда шамамен 483 мың Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл жалпы жұмысшылар санының 97%-ын құрайды.

Еңбекші мигранттар шығатын негізгі елдер келесі: Қытай – 3 689 адам, Өзбекстан – 1 887 адам, Түркия – 1 679 адам, Үндістан – 1 090 адам, Ұлыбритания – 959 адам.

Естеріңізге сала кетейік, ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын елімізге шетелдік мамандарды тартуға арналған квота белгілейді. 2021 жылы квота мөлшері жұмыс күшіне шаққанда 0,31%-ды немесе 29,3 мың бірлікті құрады.



#шетел #жұмыс #еңбек #рұқсат 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
11.12.2020
21.08.2020
26.12.2019
23.09.2019
29.07.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031