USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Мемлекеттік сатып алудағы жемқорлықтан келген залал қандай

  • 26.желтоқсан.2019, 18:30,
  • 582

Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ержан Жылқыбаев пен ҚР Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы Ербол Нұрғалиев Шымкент қаласы және Түркістан облысына жұмыс сапары барысында Халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлеріне және аудан тұрғындарына атаулы әлеуметтік көмек берудің жаңа ережелерін түсіндірді.

"Мемлекет басшысы бюджеттік қаражаттың дұрыс бөлінуіне, таралуына және түсіміне бақылау жасауға ерекше көңіл бөледі. Қаржы министрлігіне мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша өкілеттіктер берілген. Бұл сыбайлас жемқорлық жайлаған сала болып табылады. Жыл басынан бері сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өндірісінде 383 сыбайлас жемқорлық қылмыстық іс болды, оның 202-і сотқа жіберілді және 92 адам сотталды. Осы қылмыстардан келген шығын - 2,5 миллиард теңге, қазіргі уақытта 2 миллиардтан аса теңге мемлекетке қайтарылды", - деді Данияр Биғайдаров ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.


Агенттік мәліметінше, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың көпшілігі - тендерлерді бөлуге, шарттарды заңсыз жасауға, орындалған жұмыстардың жалған актілеріне қол қоюға байланысты.


"Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2017 жылдан бастап биылғы кезең аралығында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өндірісінде қаржы Министрлігі жүйесінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері бойынша 318 сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілді. (...) Әртүрлі сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша 108 лауазымды тұлға сотталды.


Сыбайлас жемқорлық фактілерінің және олар бойынша тартылған қызметкерлердің 50 пайыздан аса салық қызметіне келеді (өндірісте - 127 іс, сотқа - 108 іс жіберілді, сотталған - 58 адам). Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының басым бөлігі кеден органдарына тиесілі (өндірісте-169 іс, сотқа - 100 іс жіберілді, сотталған - 36 адам). Бұл жерде сыбайлас жемқорлық бақылау-өткізу бекеттерінде жүйелі түрде іріктеу және кедергісіз жүріп өту үшін пара алу түрінде болады", - деп түсіндірді Биғайдаров.


скачать dle 12.0
Фото авторы : tengrinews.kz
Тағы да оқыңыздар:
26.12.2019
28.11.2019
28.11.2019
13.11.2019
01.11.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930