21 тамыз сағат 09.00-дегі мәлімет бойынша, шілдеде шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан біржолғы төлем алуға азаматтардан 2 млн 582 мыңнан астам өтініш келіп түскен. «Төлем мөлшері ең төменгі жалақы көлемі – 42 500 теңгеге тең. Төлемді 2 млн 369,5 мың қазақстандық алды, оның ішінде 2 млн 360,7 мың адам тамыз айында карантиннің ұзартылуына байланысты 0,5 ЕТЖ – 21 250 мың теңге мөлшерінде қосымша ақы алды. Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда» деп хабарлайды министрлік. Жәрдемақы алуға өтінім бірнеше арна арқылы қабылданады. 2 млн 582 мыңнан астам өтінімнің ішінде: – 834,6 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берген; – 676,2 мың адам Egov.kz порталы және telegram-бот арқылы; – 408,3 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы; – 663,3 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшасы мен интернет-ресурстары арқылы; – 0,4 мың адам штаб арқылы өтініш берген. Азаматтардың санаттары бөлінісінде: – 834,6 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден келген (проактивті форматта); – 260,9 мың өтінішті жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілер берген; – 1 млн 487,3 мың өтініш азаматтардың басқа санаттарынан келіп түсті (жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар). Төлем 2 млн 375,6 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 2 млн 369,5 мың қазақстандыққа аударылды. Өтініш қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.
#42500 #жәрдемақы #көмек #карантин #экономика