USD 503.89
EUR 587.54
RUB 6.48
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Еуразиялық электронды еңбек биржасы құрылады

  • 23.қыркүйек.2019, 16:22,
  • 472

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Осы жылдың соңына дейін «ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің азаматтарын жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамтудың цифрлық экожүйелік моделін әзірлеу» жобасын бастауға арналған құжаттар топтамасын дайындау жоспарланған. Бұл жайында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.



Ведомство мәліметінше, жоғарыда аталған электрондық биржалар еңбек ресурстарының бірыңғай нарығын дамытуға және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің азаматтарын жұмысқа орналастыруды жеңілдетуге мүмкіндік береді. Электрондық құжаттаманы енгізу қажеттілігі жұмыс берушілерді еңбек заңнамасының талаптарын орындауға итермелеп, жұмысшылардың құқықтары мен еңбек көші-қонының сақталуын бақылауға мүмкіндік жасайды. Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылғы қаңтарда Мәскеуде Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің отырысында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еуразиялық электрондық еңбек биржасын құру туралы бастама көтерген болатын. ЕАЭО мүше мемлекеттерінің Үкімет басшылары электрондық еңбек биржасының жобасын әзірлеуге келісті.


Қайнар көзі: https://www.inform.kz/kz/euraziyalyk-elektrondy-enbek-birzhasy-kurylady_a3568042

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
02.10.2019
27.09.2019
30.09.2019
19.08.2019
29.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Желтоқсан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031