USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Токиода дәрігерлердің ірі бірлестігі Олимпиада өткізуге қарсы шықты

  • 19.мамыр.2021, 15:18,
  • 274

Жапонияда медицина қызметкерлерінің беделді бірлестіктері Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындарына тыйым салуды қолдады. Жарысқа үш ай қалған тұста, бұл елде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны өсіп тұр. 

Токионың дәрігерлер ассоциациясы қазір Жапония астанасында ауруханалар науқастарға толып қалғанын мәлімдеді.

"Біз билік Халықаралық Оимпиада комитетінен жазғы ойындарды өткізуге тыйым салуды сұрауын өтінеміз", - делінген қауымдастық өкілдерінің премьер-министр Ёсихидэ Сугеге жазған хатында. Осыған дейін Жапонияның өзге медициналық топтары мен денсаулық сақтау саласының сарапшылары олимпиада ойындарын өткізуге қарсы екенін білдірген.

Онлайн-петицияға жүз мыңдаған адам қол қойған.

Қазір Жапонияда халқының 3,5%-не ғана вакцина салынған. Вирустың өршуіне байланысты Жапония 31 мамырға дейін еліне төтенше жағдай енгізді.

Премьер Ёсихидэ Суга болса Жапония қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, халықаралық жарысты өткізе алады дейді.

Жазғы Олимпиада ойындары былтыр өтуі тиіс болған. Бірақ коронавирус пандемиясына байланысты кейінге шегерілген.

17 мамыр күні АҚШ президенті Джо Байден өзге елдерге COVID-19 вирусына қарсы 20 миллион дана вакцина жеткізетінін мәлімдеген.



#Токио #дәрігерлер #олимпиада #спорт 

скачать dle 12.0
Фото авторы : halqym.kz
Тағы да оқыңыздар:
21.02.2021
28.12.2020
31.08.2020
22.07.2020
03.03.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930