USD 511.22
EUR 540.05
RUB 4.73
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

АҚШ Президенті кедей елдерге 4 миллиард доллар бөледі

  • 21.ақпан.2021, 16:46,
  • 319

АҚШ президенті Джо Байден 19 ақпанда кедей елдердің вакцинаға қатысты бағдарламаларына төрт миллиард доллар бөлуге уәде берді, деп хабарлайдыОрталық Азияның жаңалықтар қызметі. 

Байден мұндай қадамын "Үлкен жетіліктің" (G7) онлайн саммитінде жариялауды көздеп отыр, дейді Ақ үйдегілер.

Құрама Штаттар COVAX халықаралық бағдарламасына екі миллиард долларды бірден аударады. Бағдарлама әлем елдеріне коронавирусқа қарсы вакцинаны әділетті бөлуді көздейді. Тағы екі миллиард доллар екі жыл көлемінде аударылады.

"Үлкен жетілікке" АҚШ, Германия, Жапония, Ұлыбритания, Франция, Канада және Италия кіреді.

Кедейшілікпен күресетін ONE Campaign ұйымының 19 ақпанда жарияланған есебінде ауқатты елдер коронавирусқа қарсы вакцинаны миллиард данаға артық алып отырғаны айтылған. Соның салдарынан кедей елдерге вакцина жетпей жатыр, деп есептейді ONE Campaign. Құрама Штаттар, Ұлыбритания секілді бай елдер артығымен алған вакцинаны таратуы тиіс, деп мәлімдеді ұйым.



#АҚШ #Байден #президент #төлем 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
02.01.2021
07.11.2020
31.10.2020
01.08.2020
17.03.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Желтоқсан 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031