USD 518.66
EUR 597.44
RUB 6.56
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Жапониялықтардың жартысынан көбі Олимпиаданы кейінге қалдыру не болмауы үшін дауыс берді - сауалнама

  • 22.июля.2020, 11:00,
  • 486

Жапонияның NHK қоғамдық телеарнасының сауалнамасына қатысушылардың жартысынан көбі Токиодағы жазғы Олимпиада ойындарын кейінге қалдыру немесе мүлдем болмауын қалап, дауыс берген.

Келтірілген деректерге қарағанда, сауалнамаға қатысқандардың 66 пайызы (35 пайызы) Олимпиаданы кейінге қалдыру керек (31 пайызы) немесе мүлдем болмауы керек деп есептейді. Ал 26 пайызы Ойындардың белгіленген мерзімде - 2021 жылдың 21 шілдесінде болғанын қалайды.

Сондай-ақ респонденттердің басым бөлігі Олимпиадаға қызығушылығы барын анықтады. Олардың 71 пайызы қатты қызығатынын (23 пайызы) немесе айтарлықтай қызығатынын (48 пайызы) жеткізген.

Тек сауалнамаға қатысқандардың жеті пайызы Олимпиадаға мүлдем қызығуышылығы жоғын, ал 22 пайызы аса қызыға бермейтінін белгілеген.

Сауалнама 17 шілдеден бастап үш күн бойы телефон арқылы 18 жастан асқан тұлғалар арасында компьютермен кездейсоқ таңдау әдісімен жүргізілді. Оған 1298 адам қатысты. Статистикалық қате көрсетілмеген.

Еске салайық, Токиода Олимпиада және Паралимпиада ойындары 23 шілдеде басталуы керек болатын. Алайда коронавирус пандемиясына байланысты бір жылға кейінге шегерілді.



#олимпиада #сауалнама #жапония 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
12.07.2020
08.07.2020
03.03.2020
28.02.2020
12.12.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930