USD 511.22
EUR 540.05
RUB 4.73
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Жапонияның премьер-министрі отставкаға кетті

  • 31.августа.2020, 17:18,
  • 402

Жапонияның Үкімет басшысы Синдзо Абэ отставкаға кететінін ресми түрде мәлімдеді. 

Оның кетуіне себеп - денсаулыққа байланысты проблемалар: саясаткерді көптен бері қинап келген ауруы асқынған, деп жазады Лента.ру.


Абэнің орнын басып қалуы мүмкін тұлға ретінде ел үкіметінің бас хатшысы Ёсихидэ Сугудің аты-жөні аталады.


Үкімет басшысы отставкаға кететінін жариялайтындығы жөнінде 28 тамызда таңертең белгілі болды.

Аурудың асқынуына байланысты ол 2007 жылы да премьер-министрі қызметінен кеткен, яғни алғаш рет Үкімет басына келгеніне бір жыл өткен соң.

2012 жылы Абэ тағы да сайлауда жеңіп, содан бері Жапония үкіметін басқарып келді. Ол өмірінің 2799 күні премьер-министр болыпты.



#жапония #премьерминистр #отставка #синдзоабэ

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
29.08.2020
10.08.2020
16.06.2020
11.09.2019
30.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Желтоқсан 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031