USD 497.26
EUR 525.21
RUB 4.97
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Жапония шетелдіктерге виза беруді тоқтатты

  • 28.желтоқсан.2020, 16:15,
  • 359

Жапония премьер-министрі Ёсихидэ Суга коронавирустың жаңа түрінен қорғану шарасы ретінде барлық шетелдіктерге виза беруді тоқтататынын мәлімдеді. 

Енді басқа мемлекеттердің азаматтарына жаңа виза берілмейді. Виза беруге, сондай-ақ елге кіруге уақытша тыйым салу 28 желтоқсаннан бастап күшіне еніп, 2021 жылдың қаңтардың соңына дейін жалғасады.
28 желтоқсанға дейін виза алған резидент емес шетелдік азаматтар Күншығыс еліне кіре алады. Елден тыс жерлерде қысқа мерзімді іссапарға шығуға рұқсаты бар жапондықтар мен шетелдіктер қайтадан екі апталық карантинді сақтауға міндетті болады. Сонымен қатар, олар коронавирустық тесттің теріс нәтижесі бар анықтама көрсетуі қажет.

Сонымен бірге, министр "алдын-алу шаралары өзгеріссіз қалады" деп баса айтып, жапондықтарды "қол жуу және бетперделер кию сияқты ережелерді бұлжытпай орындауға" шақырды.

Осы жылдың қазан айының басында басқа мемлекеттердің азаматтары үшін Жапонияға кіруге шектеулер жеңілдетілгенін еске саламыз.



#виза #жапония #шетел #күшығыс 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
15.12.2020
04.07.2020
05.03.2020
28.02.2020
03.02.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930