USD 538.11
EUR 623.51
RUB 6.61
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Навальныйды "улағандар" туралы видео бір тәулікте 10 миллионға жуық қаралым жинады

  • 17.желтоқсан.2020, 16:17,
  • 839

Ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйды "улағандар" туралы видео бір тәулікте 9 миллионнан аса қаралым жинады. 

Bellingcat және The Insider басылымдары жүргізген зерттеуде Навальныйды уламақ болған ФҚҚ (ФСБ) қызметкерлері туралы баяндалады.

"Дело раскрыто. Я знаю всех, кто пытался меня убить" атты ролик ресейлік YouTube-те трендте болған.

Bellingcat және The Insider жүргізген зерттеуде бірнеше жыл бойы Навальныйды бақылап, оны "Новичок" уымен уламақ болған деген ФСБ арнайы тобының 8 қызметкерінің есімі аталады.

Ұялы телефон биллингінің деректерін офлайн деректер базасымен салыстыру арқылы бұл іске қатысы бар қызметкерлердің кім екені анықталған.

Навальный бұл жағдайды "мемлекет тарапынан жасалған терроризм" деп атады.

"Жоғарыдағы басшылардың басқаруымен ФҚҚ бөлімі 2 жыл бойы операция жүргізді. Оның барысында қызметкерлер мемлекеттік құпия зертханадан химиялық қару алып, мені және отбасымды бірнеше рет өлтіруге тырысты. Әрине, мұндай ауқымды және ұзақ мерзімді операцияны ФҚҚ басшысы Бортниковтан басқа ешкім ұйымдастыра алмайды. Ол Путиннің бұйрығынсыз ешқашан мұны істеуге батылы бармас еді", - дейді оппозиционер.



#навальный #оппозиционер #ресей #улану #видео 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
02.11.2020
22.10.2020
01.10.2020
15.09.2020
03.09.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қазан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031