USD 442.05
EUR 474.14
RUB 4.74
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Навальный: Улануыма Путиннің қатысы бар

  • 01.қазан.2020, 18:20,
  • 324

Навальный улануына Путиннің қатысы барын айтты. Ресейлік оппозиционер Алексей Навальный Der Spiegel журналына берген сұхбатында оның улануына жауапты Ресей президенті Владимир Путин екенін айтты, - деп хабарлайды DW.

"Бұл қылмыстың артында Путин тұрғанын мәлімдеймін, менде болған жағдайдың басқа нұсқасы жоқ", - деді Навальный.

Ол қорықпайтынын және Ресейге оралуды жоспарлап отырғанын айтты. "Менің енді міндетім - батыл болу және менде қорқыныш жоқ!", - деді ол.

Навальный уланғанда не сезгенін айтып берді. "Ешқай жерің ауырмайды, бірақ өліп бара жатқаныңды білесің", - дейді ол.

Осыған байланысты Мемлекеттік Думаның төрағасы Вячеслав Володин Навальныйды "ұятсыз және оңбаған" деп атады. "Путин оның өмірін қорғап қалды. Оған жасалған істі батыс мемлекеттерінің арнайы қызметтері ұйымдастырса, онда оның мәлімдемесі логикаға келеді. Оны ұшқыштар мен дәрігерлерден бастап президентке дейін барлығы шын жүректен құтқарды. Мұндай мәлімдемелерді тек арам адам жасай алады", - деп жазылған Володиннің сөзі Мемлекеттік Думаның сайтында.

Еске салайық, Навальный 20 тамызда ұшақта өзін жайсыз сезінгеннен кейін Омбыда ауруханаға түскен болатын. Зерттеу нәтижесінде, Омбы дәрігерлері зат алмасу бұзылғаннан қандағы қант мөлшері күрт өзгергенін хабарлаған еді.

Алайда кейін ол ұшақпен Германияға жеткізілді. ГФР үкіметі Навальный "Новичок" улы затымен уланғанын мәлімдеді.



#навальный #уланды #новичок #путин 

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031