USD 523.2
EUR 594.3
RUB 6.38
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Эдвард Сноуден Ресей азаматы болуы мүмкін

  • 02.қараша.2020, 14:10,
  • 383

Сноуден шамамен екі миллионға жуық құпия файлды ұрлап кеткен. АҚШ ұлттық қауіпсіздік агенттігінің бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуден Ресей Федерациясы азаматтығын алуға өтініш берді

Бұл туралы ол твиттерде хабарлады:


"Ата-анамызды бірнеше жыл бойы көрмеген соң, әйелім екеуміз баламыздан айрылғымыз келмейді. Сол себепті де біз ресей-америка қос азаматтығын алуға өтініш бердік", - деп жазды Сноуден твиттерде.


2013 жылы Сноуден Ресейді паналауға мәжбүр болды. Бұның алдында ол АҚШ арнайы қызметінің құпия мәліметтерін жариялаған. Онда Ұлттық қауіпсіздік агенттігі әлемнің түрлі елдерінде 35 жоғары лауазымды тұлғаның телефон әңгімелерін тыңдады делінеді.

Пентагон мәліметіне қарағанда, Сноуден шамамен екі миллионға жуық құпия файлды ұрлап кеткен.

АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама Сноуденге рақымшылық жасаудан бас тартты. Президент Дональд Трамп болса оны "сатқын" деп атаған.




#сноуден #ресей #ақш #азаматтық #сатқын 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
23.10.2020
12.09.2020
01.08.2020
30.07.2020
17.06.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930