USD 498.34
EUR 519.72
RUB 4.85
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Ереванда Қарабақты бергеннен кейін былықтар анықтала бастады

  • 10.қараша.2020, 10:37,
  • 292

Ереван орталығында мыңдаған адам жиналды. Көпшілік парламентке басып кірді. 

Наразы топ Армения парламентінің ғимаратына басып кірді. Олар бірінші қабаттағы терезені сындырып, қабырғадағы жазбаларды құлатты, есіктерді сындырды. Үкімет кабинеттеріндегі компьютерлерді, жиһаз бен микрофондарды қиратты. Үкімет алдындағы алаңда атысқа ұқсас дыбыстар естілді.

Митингіге шыққандар арасында жүрген "Гүлденген Армения" оппозияциялық партиясының депутаты Ивета Тоноянның айтуынша, оппозиция премьер-министр Никол Пашинянның отставкасын талап еткен.

"Бүгін біздің тарихымыздың ең масқара парағы жазылды. Бірнеше сағат бұрын "Гүлденген Армения" және бірнеше партия премьер-министрдің отставкаға кетуін талап етті. Осынша жасалғаннан кейін отставка Пашинян үшін аз болып тұр. Біз мұнда адамдардың ашуын басу үшін келдік. Ашуы орынды. Мұнда әкесі, бауыры, ұлы соғыста жанын берген адамдар. Қоғамның пікірімен санаспай, қаламмен қол қоя салып, жерді, Шушаны беру туралы шешім шығарды", - деп келтірді депутаттың сөзін Sputnik Армения.

Кейін наразы топ парламент ғимаратына кірді. Күзет оларға тосқауыл қоюға тырысқан, алайда олар күзетшілерді итеріп кіріп, мәжіліс залына жетті. Залдағы мінберге кез келген адам тұрып, Қарабақтағы әскери қимылды жалғастыруды талап етті. 



#қарабақ #ереван #армения #наразылық #парламент #талап #жер #әскери #қақтығыс 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
23.10.2020
16.10.2020
01.10.2020
31.08.2020
09.08.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930