USD 512.1
EUR 583.64
RUB 6.5
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Путин Таулы Қарабақта қанша адам қайтыс болғанын айтты

  • 23.қазан.2020, 09:52,
  • 412

Таулы Қарабақта жаңа қақтығыс басталғалы екі жақтан бес мыңға жуық адам қайтыс болды. Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин "Валдай" талқылау клубында айтты.

"Екі жақтан да қайтыс болғандар көп. Біздің мәліметімізше, әр тараптан екі мыңнан аса адам көз жұмған. Жалпы қайтыс болғандар саны бес мыңға жетіп қалды", - деді Путин. 

Айтуынша, Қарабақтағы жағдайды реттеу үшін екі тарап ымыраға келуі керек. 

"Ең алдымен оқ атуды тоқтату керек. Ымыраға келгенін қалаймын. Мен президент Әлиевпен де, премьер-министр Пашинянмен де тығыз қарым-қатынас жасаймын. Олармен күніне бірнеше рет телефон арқылы сөйлесемін. Бірнеше рет", - деді Ресей президенті.

Еске салайық, 27 қыркүйекте таңертең Армения мен Әзербайжан арасындағы қақтығыс шиеленісті. Таулы Қарабақта соғыс жағдайы енгізілді. Армения да Қарабақтағы оқиғаларға байланысты әскери жағдай мен жалпы мобилизация жариялады.



#қарабақ #өлім #соғыс #тәртіпсіздік #путин #ресей 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Маусым 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30