"Президент сайлауы 2021 жылдың 17 қаңтарына жоспарлануы мүмкін", - деді Шайлдабекова.
Еске салайық, 5 қазанда Қырғызстанда 4 қазанда өткен парламенттік сайлау қорытындыларымен келіспейтіндер жаппай наразылық білдіріп, алаңға шықты. Митингіге шыққандар қауіпсіздік күштерімен қақтығысып, кейін президент әкімшілігі және парламент отыратын Ақ үйге басып кірді. Қақтығыстарда 1,2 мыңнан аса адам зардап шекті, біреуі қайтыс болды. Қырғызстан премьер-министрі Кубатбек Боронов отставкаға кетті.
Жээнбеков те 15 қазанда халыққа үндеуінде өзінің отставкаға кететінін жариялады.
#президент #сайлау #қырғызстан #жээнбеков