USD 511.37
EUR 583.73
RUB 6.46
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Пашинянның жалғыз ұлы соғысқа аттанды

  • 01.қазан.2020, 12:19,
  • 436

Армения премьер-министрі Никол Пашинянның жалғыз ұлы Таулы Қарабаққа аттанды. Бұл туралы оның жары Анна Акопян айтты, - деп хабарлайды Sputnik Армения

Никол Пашинян мен Анна Акопянның жалғыз ұлы мобилизация резервінің құрамымен кетті.

"Мен оған: "Иә, балам, формаңды ки де, бар. Мен сені жақсы көремін, бірақ еліңді қорғағаннан артық нәрсе жоқ" дедім. Бұл жердегі жағдай қандай боларын және ол жерде байланыс бола ма, жоқ па білмедім. Қазір оның ұрыс майданына баруы қажет те емес екені белгілі болды, бірақ менің сөздерім өмір бойына сабақ болды", - дейді Акопян. 

Еске салайық, 27 қыркүйекте Таулы Қарабақта соғыс жағдайы енгізілді. Армения да Қарабақтағы оқиғаларға байланысты әскери жағдай мен жалпы мобилизация жариялады.

Себебі Әзербайжан Қорғаныс министрлігі Армения Қарулы Күштері Қарабақтағы елді мекендерге оқ жаудырғанын мәлімдеді, осы ақпараттарға сәйкес, бейбіт тұрғындар арасында қаза тапқандар бар. Армения ҚМ мәлімдеуінше, Карабақ "әуе және зымыран шабуылына тап болған", Армения Әзербайжанның екі тікұшағы мен үш ұшағын жойғанын хабарлады.



#қарабах #соғыс #қақтығыс #армения #әзербайжан 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
29.09.2020
28.09.2020
27.09.2020
13.07.2020
15.06.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Маусым 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30