USD 498.34
EUR 519.72
RUB 4.85
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Лукашенконың «жеңісін» кімдер мойындамайды?

  • 22.августа.2020, 12:00,
  • 361

Беларусьте 9 тамызда өткен президент сайлауына қатысты наразылық шарасы аяқталар емес. Наразылық акцияларына шығушылар саны күн санап өсіп келеді. Елдегі ірі-ірі деген кәсіпорындардың қызметкерлері де көшедегі көпшіліктің ішінде жүр,-деп хабарлайды halqym.kz тілшісі abai.kz ақпараттық порталына сілтеме жасап. 

(Елшіліктен кеткен екі азамат)

Ел-жұрттың талап-тілегін қолдаған Беларусь Сыртқы істер министрлігінің бірлі-жарым қызметкері, Беларусь мемлекеттік арналарының журналистері қызметтерінен кеткен. Кейбіреулері «қайта сайланған» президент  Лукашенконың отаставкасын талап етуде. Атап айтқанда, Беларусьтің Словакиядағы Елшісі Игорь Лещеня Лукашенко режимін қолдаудан бас тартып, өз еркімен отставкаға кетсе, Беларусьтің Швейцария Конфедерациясындағы бұрынғы сенімді іс басқарушы болған Павел Мацукевич Лукашенконың отаставкасын алап еткен.

9 тамыздан бері күні бүгінге дейін жалғасып жатқан наразылық акциялары кезінде Беларусь билігі күштік құрылымдарды жұмылдырып, бейбіт акцияға қатысушыларға қарсы күш қолданған. Жүздеген адам түрлі дене жарақаттарын алған. Ресми дерек бойынша, 1 адам қайтыс болған. Мыңға жуық адам тұтқындалып, Халықаралық қауымдастықтардың араласуынан кейін босатылған.

Осыдан кейін билік аппараты Лукашенконы жақтаушылардың митингін өткізген. Оған ресми түрде 50-60 мыңға жуық адам қатысқан. Лукашенко жақтастарының шерулері де күн сайын жалғасып жатыр.

Ал халықаралық саяси сарапшылар Беларусь халқының бейбіт шерулерін қолдай сөйлеп, қолпаштау жасағанымен, жүз мыңдаған азаматтың басында тұрар лидердің жоқтығын айтады. Осыдан бірнеше күн бұрын Лукашенконың басты оппоненті болған Светлана Тихановская халыққа үндеу жасап, «Ұлттық лидер» болуға дайын екенін мәлімдеген.

Беларусьтегі саяси жағдайларға қатысты сарапшылар пікірі де әртүрлі. Көпшілігі елді 26 жыл үздіксіз басқарған Александр Лукашенко режимінің күні бітуге таяу дегенге тоқталып отыр. Мұны Лукашенко аппараты да түсінетіндей. Жуырда ғана Беларусь Үкіметін толық құрамда доғарысқа жіберген екен. Сарапшылар елдегі саяси дағдарысты конституцияға өзгерту енгізу арқылы ғана шешуге болатынын айтыпты.

Сонымен, Лукашенко доғарысқа кете ме? Лукашенконың бұл «жеңісін» кімдер мойындады, кімдер жоқ? Біз әлем лидерлерінің ресми мәлімдемелеріне шолу жасадық.

Лукашенконың «жеңісін» кімдер мойындамайды?

Майк Помпео, АҚШ Мемлекеттік хатшысы:

«Сайлауға қатысты жайттар бізді алаңдатып отыр. Және ол сайлаудың әділ өтпегені өкінішті. Біз мұндай жағдайларды бұған дейін де көрдік. Өкінішке орай, сол жағдайлар қайталанып отыр. Біз бейбіт шерушілерге қарсы күш қолданылып жатқанын көріп отырмыз. Бұл жағдайға қандай реакция көрсететінімізді нақты айта алмаймын. Бірақ, бір анығы – біз Еуропадағы достарымызбен бірлесіп әрекет етеміз. Біз бұл жағдай Беларусь халқының пайдасына шешілгенін қалаймыз», - деп мәлімдеді.

Германия канцлері Ангела Меркельдің позициясы:

ГФР канцлері Ангела Меркель Беларусь билігінің бейбіт шерушілерге қарсы күш қолдануын айыптап сөйлеген. Бұл туралы Германия министрлер кабинетінің өкілі Штефан Зайберт мәлімдеген. Ал кеше Меркель Беларусьтегі саяси дағдарысты реттеу мәселесін ақылдасу үшін Ресей президенті Путинмен телефон арқылы сөйлескен.

Эмануель Макрон, Франция президенті:

«Еуропалық одақ өз құқықтары, бостандықтары мен егемендігі үшін бейбіт шеруге шыққан жүздеген мың беларусті әрі қарай да қолдауы керек», - деп жазды «Твиттердегі» парақшасында.

Гитанас Науседа, Литва президенті:

«Мен Лукашенконы әлі де легитимді президент деп есептемеймін. Өйткені, Беларусьте демократиялық сайлау жоқ», - деп мәлімдеген.

Саймон Коувени, Ирландия Сыртқы істер министрі:

«Мен Беларусьтегі жағдайларға қатты алаңдаушылық білдіремін және адам құқықтарына қарсы жасалып жатқан әрекеттерді айыптаймын. Бұл сайлаудың қорытындысын легитимді деуге келмейді. Ирландия сайлау нәтижелерін мойындамайды», - деп жазған.



#лукашенко #беларусь #президент #сайлау 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
19.08.2020
18.08.2020
14.08.2020
12.08.2020
10.08.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930