USD 544.26
EUR 634.72
RUB 6.52
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Беларусьтегі тәртіпсіздік: Лукашенко халыққа шұғыл мәлімдеме жасайды

  • 14.августа.2020, 11:00,
  • 449

Лукашенко халыққа шұғыл мәлімдеме жасайды.

Беларусь президенті Александр Лукашенко халыққа шұғыл мәлімдеме жасауға дайындалып жатыр. Бұл туралы "Коммерсант FM" радиостанциясы Twitter желісіндегі парақшасында мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Наталья Эйсмонтке сілтеме жасап жазды. "Александр Лукашенко халыққа шұғыл мәлімдеме жасауға дайындалып жатыр - президенттің баспасөз хатшысы Эйсмонт", - делінген хабарламада.

Кейін бұл ақпарат аноним Telegram каналда пайда болғаны және бұл мәліметтің әлі нақтыланбағаны хабарланды. 

Сондай-ақ, республика кеңесінің төрағасы Наталья Кочанова Лукашенконың атынан наразылыққа шыққан тұрғындарды ұстау мәселесіне қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, заңсыз митингіге қатысып ұсталған мыңнан аса адам үйіне жіберілген. Ол "Беларусь 1" телеарнасының эфирінде беларусьтарға "төбелес те, соғыс та керек емес" деді.

"Президент еңбек ұжымдарындағы адамдардың пікірін естіп, маған наразылыққа шыққан тұрғындарды ұстау мәселесін шешуді тапсырды. Бұл соңғы күндері болған оқиғаға қатысты. Қазіргі таңда осы бағытта белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Бүгін кешке рұқсат етілмеген шараларға қатысқан мыңнан аса адам үйіне жіберілді. Ал кәмелетке толмағандар қолхатпен ата-аналарына жіберілді", - дейді Наталья Кочанова Telegram-дағы "Пул первого" каналында.



#лукашенко #мәлімдеме #беларусь #тәртіпсіздік 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
12.08.2020
10.08.2020
04.08.2020
15.07.2020
04.06.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қыркүйек 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930