USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Беларусьтегі наразылық: Трамп алғаш рет мәлімдеме жасады

  • 18.августа.2020, 12:30,
  • 406

Дональд Трамп Беларусьтегі наразылықты мұқият қадағалауда екенін айтты. 

"Иә, жаман. Бұл Беларусьтегі жаман жағдай. Оны мұқият қадағалаймыз", - деді Трамп.

Өз кезегінде, Трамп әкімшілігінің жоғары лауазымды тұлғасы өз атын атамай, Reuters агенттігіне Беларусьтегі оқиғаларға қатысты АҚШ ұстанымын айтты.

"Бейбіт наразылық білдірушілердің көптігі Лукашенконың үкіметі бұдан былай демократияға деген үндеулерді ескермейтінін анық көрсетеді", - деді ол.

Трамп әкімшілігінің өкілі "Ресей Беларусьтегі жағдайға араласпауы керек" деп баса айтты. "Мәскеу Беларусьтің егемендігін және оның азаматтарының өз көшбасшысын еркін және адал сайлау құқығын құрметтеуі керек", - деді шенеунік.

9 тамыздан бастап Беларусьте президент сайлауының нәтижелеріне қарсы жаппай наразылықтар басталған, онда ресми мәліметтер бойынша қазіргі президент Александр Лукашенко 80,1 пайыз дауыс жинаған.

Оппозиция сайлауда Лукашенко емес, Светлана Тихановская жеңді деп санайды. Халық қайта санауды және мемлекет басшысына жаңа сайлау тағайындауды талап етіп жатыр.



#беларусь #ақш #трамп #лукашенко #наразылық

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
14.08.2020
12.08.2020
10.08.2020
04.08.2020
15.07.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930