USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Беларусьте шеруге шыққандар полицейлермен қақтығысып қалды

  • 15.июля.2020, 10:32,
  • 418

Беларусьте рұқсат етілмеген акцияға қатысқан 100-ден аса адам ұсталды. Олар Орталық сайлау комиссиясы президенттікке үміткерлікке Виктор Бабарико мен Валерия Цепкалоны тіркемегендіктен шеруге шыққан.

Көбіне Минскте - 70 адам ұсталған, сондай-ақ адамдарды ұстау Гомел, Брест, Пружан, Солигорск, Бобруйскте жүргізілген. Ұсталғандардың арасында БАҚ өкілдері де бар. 

Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбаларда Минскіде адамдар бастапқыда Тәуелсіздік даңғылына шығып кеткен, осыған байланысты даңғылдың кейбір аймақтары жабылған. Кейінірек Жеңімпаздар даңғылы жабылды. Рұқсат етілмеген акцияларға қатысушыларды полиция қызметкерлері бақылады, даңғылдың бойымен тәртіп сақшылары шағын автобустары мен автожанармай орындары тұрды.

Сондай-ақ адамдар көп жиналатын Жеңіс алаңының жанында ерекше мақсаттағы милиция жасағымен наразылық білдірушілердің қақтығысып, кейбіреуі ұсталды.

Минскінің әртүрлі ауданында адамдар "ынтымақтастық тізбегінде" тұрды. Адамдардың жиналуына байланысты қала орталығындағы кейбір метро станциялары белгіленген уақыттан бұрын жабылды.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер бар

Беларусьтегі сайлау 9 тамызға жоспарланған, қазіргі Мемлекет басшысы Александр Лукашенко алтыншы мерзімге дауысқа түседі. 



#беларусь #лукашенко #қақтығыс #сайлау

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
11.07.2020
24.12.2019
18.11.2019
15.08.2019
12.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930