USD 477.25
EUR 500.25
RUB 4.81
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Мысырда баланы құтқармақ болған 11 адам суға кетті

  • 11.июля.2020, 15:30,
  • 409

Коронавируспен күрес шаралары аясында жабылған Мысырдың жағалауда он бір адам суға кетті. Бұл туралы Akhbar el-Youm порталы жазды.

Оқиға Александрия жағалауында болған. Жергілікті тұрғындар бұл жерді "өлім жағалауы" деп атайды, себебі соңғы уақытта адамның суға батып қайтыс болған оқиғалары жиілеп кеткен. Ақпарат бойынша, он адам батып бара жатқан баланы құтқарамын деп, бір мезетте өздері суға кеткен.

Қайғылы оқиға жергілікті уақыт бойынша сағат 05.20-да болды. "Адамдар патрульдің көзіне түспеу үшін осы уақытта суға шомылуға шешім қабылдаған, өйткені биліктің нұсқауы бойынша, бұл жерде тәулік бойы шомылуға тыйым салынады", - деп хабарлайды басылым.

Айта кетейік, Мысырдың барлық жағажайы, қонақ үй аумағында орналасқандардан басқа, наурыздан бастап коронавирус пандемиясына байланысты жабылған. 



#суғабатқандар #өлім #мысыр #александрия 

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қазан 2023    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031