"Гонконгтағы (ҚХР) жағдайдың шиеленісуіне байланысты және жаппай наразылық акцияларының жалғасуына байланысты Гонконгтағы Қазақстанның Бас консулдығы біздің азаматтарға қалада қалыптасқан төтенше жағдайларды ескеруді ұсынады.
Сонымен қатар, адамдар көп жиналатын жерлерден аулақ болу, жиналыстарға, демонстрацияларға қатыспау, қауіпсіздік шараларын мүлтіксіз сақтау, сондай-ақ жергілікті билік органдары мен БАҚ-тың жағдайдың дамуы туралы хабарламаларын қадағалау ұсынылады", - делінген ресми хабарламада.